10:16, 02 Сәуір 2009
Бүгін - Балаларға арналған кітаптардың халықаралық күні
АСТАНА. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат – Бүгін - Балаларға арналған кітаптардың халықаралық күні,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл атаулы күн 1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдер өткізіледі.