деп хабарлады Қазақстан баспасөз клубынан.
Осы күні, яғни «Балаларға арналған кітаптардың халықаралық күніне орай Қазақстанда «Балауса» балалар әдеби шығармаларының байқауы басталады» деген тақырып бойынша баспасөз мәжілісі өтеді. Сондай-ақ Қазақстанның Жазушылар одағы «Балауса» атты балалар әдеби шығармаларының байқауы жөнінде хабарлап, қаламгерлер Қазақстандағы балаларға арналған кітаптар нарығының жағдайы туралы ақпаратпен бөліседі.
Аталмыш байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілде қазіргі заманғы балалар әдебиетінің дамуына жәрдемдесу, балаларға арналған шығармалар авторларына қолдау көрсету және балалардың бойында отансүйгіштік, білімқұмарлық, оқуға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Байқауға қатысатын шығармалар 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін қабылданатын болады. Байқау қорытындысы 2013 жылдың 2 сәуірінде жарияланады.