Бүгін Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 28 сәуір күні Балқаш қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазнидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

«2020 жылдың 28 сәуірі күні Балқаш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады немесе ауа ластанады»,-делінген хабарламада.

Елдің өзге қалаларында жағдай қалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.