«Бүгін кешкісін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған флешмоб өтеді. Әрбір қазақстандық сүйікті әншісінің репертуарындағы танымал әндерді орындай алады. Акцияға қосылу үшін астана уақытымен сағат 19-10-да «Хабар» телеарнасын қосу жеткілікті. Эфирде Батырхан Шүкеновтің «Отан ана», «Джулия» және «Қайран көңiл-ай» сынды үш композициясы орындалады» деп мәлім етті телеарнадан.
13:45, 18 Мамыр 2020
Бүгін Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған флешмоб өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Хабар» телеарнасының тікелей эфирінде Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған флешмоб өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.