Иран аудандарынан енген жылы ауа массалары республиканың батыс аймақтарындағы ауа райына әсер етеді, атап айтқанда, түнде 0 5 жылы, кей жерлерде -5 градус аяз, күндіз 2 7 градус жылы, кей жерлерде - 3 градус аяз болуы ықтимал. Республиканың солтүстік және орталығында температураның ауытқуы күтіледі: түнде 17-25, күндіз 8-15 аяз шамасында болады. Аязды ауа-райы шығыста күтіледі, температура түнгі уақытта 23-28, кей жерлерде 35 аязға дейін, күндіз 15-23 аязға дейін төмендейді.