Бүгін Байқоңырдан «Союз ТМА-06М» ғарыш кемесі ұшырылады

None
БАЙҚОҢЫР. 23 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында маңызды күн - Астана уақыты бойынша сағат 16.51-де «Союз ТМА-06М» ғарыш кемесі ұшырылады. Халықаралық ғарыш стансасына кезекті ресей-американдық экипаж аттанады.

Кеше Ресей Федералды ғарыш агенттігінің басшысы Владимир Поповкиннің төрағалығымен мемлекеттік комиссия ұшырылудың дайындық барысын қарап, негізгі және қосалқы экипажды анықтады.

«Союз ТМА-06М» ұшырылатын ғарыш кемесінің негізгі экипажының құрамына Олег Новицкий - «Союз ТМА-06М» ҰҒК-нің командирі (Ресейғарыштың ғарышкері), Евгений Тарелкин - «Союз ТМА-06М» ҰҒК-нің бортинженері (Ресейғарыштың ғарышкері), Кевин  Форд  - «Союз ТМА-06М» ҰҒК-нің бортинженері (НАСА астронавты) кірді.

Павел Виноградов - «Союз ТМА-06М» ҰҒК-нің командирі (Ресейғарыштың ғарышкері), Александр Мисуркин - «Союз ТМА-06М» ҰҒК-нің бортинженері (Ресейғарыштың ғарышкері) және Кристофер Кэссиди - «Союз ТМА-06М» ҰҒК-нің бортинженері (НАСА астронавты) негізгі экипаждың дублерлары болды.

Халықаралық экипажбен «Союз ТМА-06М» ғарыш кемесінің ұшырылуы Байқоңырдың 31-ші ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша сағат 16.51-ге белгіленген.