Ереуіл ұйымдастырушылары корольдіктің ірі кәсіподақтары - Христиан кәсіподақтарының конфедерациясы (CSC), Бельгияның жалпығаортақ еңбек федерациясы (FGTB) және Либералды кәсіподақ (CGSLB).
Бұқаралық шеруге байланысты елдегі әкімшілік мекемелердің, мектептер мен көліктік қызметтердің жұмыстары тоқтайтындығы күтілуде. Шараға сондай-ақ бірқатар коммерциялық нысандар да қосылып отыр.
Ереуілшілер 38 сағаттық жұмыс аптасын алып тастауды көздеген еңбек реформасына сондай-ақ, үкіметтің бюджетті үнемдеу саясатына және әлеуметтік саланың қысқартылуына қарсы шықпақ.
Айта кетейік, үкімет басына Шарль Мишель келген екі жылдың ішіндегі бұл бесінші жалпыұлттық бас көтеру.