деп хабарлайды ҚазАқпарат
Аталған комиссияның құрамына білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім беру кәсіподақ ұйымының өкілдері кіреді. Конкурстық комиссия 2009 жылы ЖОО-на түсетін талапкерлерге бірыңғай ұлттық тестілеу мен кешенді тестілеудің қорытындылары бойынша білім беру гранттарын тағайындайтын болады.
Ағымдағы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 34840 адам грантқа ие болса, оның 33840-ы күндізгі оқу бөліміне, ал 1000-ы сырттай оқу бөліміне қабылданбақ.
Сонымен қатар, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалына Түрік Республикасынан студенттер қабылдау, өзге түркітілдес республикалардан Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне, сондай-ақ нысаналы орындар бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне студенттерді, ЖОО-ның даярлық топтарына тыңдаушыларды қабылдау көзделген.