Бүгін білім беру гранты иегерлерінің аты-жөндері белгілі болады - БҒМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 1 тамызда білім беру гранттарына ие болған оқуға түсушілердің аты-жөндері белгілі болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, байқау нәтижесін Ұлттық тестілеу орталығы, «Егемен Қазақстан»,«Казахстанская правда» сайттарында және«Байқаудың нәтижесін біл (Узнай результаты конкурса)» телеграм-ботта көругеболады.

«Гранттардыүлестіру үрдісі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзегеасырылады, нәтижесінде адами фактор толықтай жойылған. Сонымен бірге,мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқуорындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, «ЖасОтан» жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, «ADAL BILIM»жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлықпроцестерді бақылады», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметініңмәліметінше, 2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойыншатағайындалады. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім берубағдарламасын таңдайды.

Сонымен қатар, үшжылдан бері «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндеріненхалықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім берупәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары,республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТбалдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайдабарлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі.

Еске сала кетсек, 2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес конкурстық негізде берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар