Итальяндық «Lampre» командасында өнер көрсетіп жүрген қазақстандық спортшы, дауыс беру үшін Брюссельге арнайы келгенін айтты. «Менің екі сағат қана уақытым бар, одан кейін Испанияға, Бакстер елінің турына аттанып бара жатырмын», - деді А.Кашечкин өз сұхбатында.
«Бүгін біз мұнда саналы түрде дауыс беруге келген өте көп адамды көріп отырмыз. Адамдар, Қазақстаннан жырақта, алыс Еуропада тұрып жатқандарына қарамастан, өз болашақтары, балаларының болашағы үшін дауыс беруге келіп отыр. Олар өз елінің тағдырынан бей-жай қарай алмайды», - деді А.Кашечкин өз сөзінде.