НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты жалауын көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы сынға түседі.
Алғашқы жекпе-жек 9 мамырда өткізіліп, финалдық сайыстар 19-20 мамыр күндеріне белгіленген.
Ел құрамасы сапында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Валентина Хальзова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) шаршы алаңға шығады.
Қазақстандық боксшылар алғашқы жекпе-жегінде Канада, Колумбия, Пуэрто-Рико, Испания, Финляндия, Алжир, Өзбекстан, Кения, Түркия және Украина боксшыларымен кездеседі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.