Аталмыш зерттеу ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 20 жылдығына арналып отыр. Институт сарапшылары стипендияның тиімділігі жөнінде қоғамдық пікірді зерттей отырып, бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі үрдісті анықтады.
Таныстырылымға білім саласындағы сарапшылар, бағдарламаның серіктестері болып табылатын шетелдік ұйымдар мен зерттеу орталықтарының, жоғары оқу орындарының өкілдері, сонымен қатар «Болашақ» стипендиясы қауымдастығының өкілдері шақырылып отыр.