БҰҰ Бас конференциясының 33 сессиясында ЮНЕСКО-ға мүше-мемлекеттер 27 қазанды «экономикалық, саяси, әлеуметтік даму, ғылым мен білімнің эволюциясы, әр түрлі ұлттың мәдениетін біріктіріп, және де табиғат пен әлемнің эволюциясын» куәландыратынын белгілеп Бүкіләлемдік аудиовизуалдық мұра күні деп жариялады.
Бұл қарардың авторлары бұл мұрағаттың өте сынғыш екенін, оның сақталуы өте қымбатқа түсетінін және де оны сақтау үшін көптеген мемлекеттердің қалтасы көтермейтінін толығымен мойындайды.
Аудиовизуалды мұраны сақтау - бірқатар құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық, қаржылық шешімді талап ететін қиын әрекет. Шаралар қабылданбаса, бұл мұра өзінің он жылдық басты құндылықтарын жоғалтуы мүмкін, ол адамзаттың мәдениеттілігі мен ойлау қабілеттілігінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.