Безгек әлем халқының 40 пайызына қауіп төндіруде. Жыл сайын 500 миллионнан астам адам безгекпен ауырып, бір миллионнан астамы көз жұмады. Кесел Африканың Сахарадан әрі оңтүстігіне қарай кең қанат жайған. Бірақ бұл ауру Азия, Латын Америкасы, Таяу Шығыс, тіпті Еуропаның кейбір аумақтарында кездеседі.
Бүкіләлемдік безгекке қарсы күрес күнін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 2007 жылғы мамырда өткен сессияда бекітті. Бұл - безгекке қарсы тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету бойынша жаһандық күш жұмылдыру қажеттігін мойындау күні. Осы күні ауру белең алған елдер өз күш-жігерлерін бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірін-бірі қолдауға жұмылдырады. Жаңа донорлар безгекке қарсы күрес жолында жаһандық әріптестікпен бірлесіп қимылдауға жұмылады.