Бүгін Бүкіләлемдік елді мекендер (Хабитат) күні

АСТАНА. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат - Бүгін Бүкіләлемдік елді мекендер (Хабитат) күні. Бұл күн «Елді мекендер жөніндегі комиссия» ұсынысына сәйкес, БҰҰ Бас Ассамблеясының 40-сессиясында бекітілген болатын.

Бүкіләлемдік Хабитат күні қазанның бірінші дүйсенбісінде, 1986-ншы жылдан бері атап өтіледі. Оның басқа атауы - Халықаралық тұрғын үй күні.

Жыл сайын осы күні БҰҰ мен «БҰҰ-ның Елді мекендер жөніндегі бағдарламасы» әлем қалаларының бірінде ресми шаралар өткізеді.