Бүгін - Бүкіләлемдік метеорология күні

АЛМАТЫ. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін - Бүкіләлемдік метеорология күні. Әр жыл сайын бұл күнді бүкіләлемдік метеорология ұйымына мүше 189 мемлекет атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күнді атап өту бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымдардың конвенциясы күшіне енген 1950 жылғы наурыздың 23-інен басталады. Жыл сайын мереке «Ауа райы, табиғат және су - ақпараттық дәуірге» деген ұранмен өтеді.

Соңғы 10 жылдағы статистикалық мәліметтер көрсеткендей, 80 пайыздан астам табиғи апаттар метеорологиялық немесе гидрологиялық салдардан туындайды. 20 ғасырдың 50-ші жылдары әлемде орын алған табиғи апаттар жылына 4 миллиард доллар шығын әкелсе, 90-шы жылдары жылына 40 миллиард долларға дейін шығын әкелген.