Бүгін - Бүкіләлемдік мұғалім күні

None
АСТАНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкіләлемдік мұғалім күні.

Бұл айтулы күнді 1994-ші жылы ЮНЕСКО бекіткен. 1966-шы жылы осы күні ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымы шақырған конференция «Мұғалімдер жағдайы туралы» ұсынысты - мұғалімдер еңбегі жағдайларын айқындайтын тұңғыш халықаралық құжат қабылдады.

Бұл күн қоғамдағы мұғалімдер жайына, олардың білім беру мен дамудағы рөліне көңіл бөлуді көздейді. Бүкіләлемдік мұғалімдер күнін әлемнің 100-ден астам мемлекеттері атап өтеді.