Бұл дата БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен 2009 жылдың 12 ақпанында (A/RES/63/111 қарары) белгіленді. Бүкіләлемдік мұхиттар күнін атап өту идеясы ресми, жоғары мемлекеттік деңгейде алғаш рет 1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен халықаралық саммитте айтылды. Сол уақыттан бастап Бүкіләлемдік мұхиттар күнін Әлемдік мұхитқа қандай да бір қатысы бар барлық дерлік мемлекеттер кеңінен атап өтеді.
Эколог-ғалымдар, ихтиологтар, көптеген аквариумдердің, жануарлар бағының, дельфинарийлердің қызметкерлері осы күні өздерінің бар күш-жігерлерін мұхиттың қайталанбас тіршілік иелері мен өсімдіктерін олар үшін ең үлкен қауіп - адамдардың ашкөздігінен сақтап қалуға жұмсайды.