Бүгін - Бүкіләлемдік сәлемдесу күні

АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін - Бүкіләлемдік сәлемдесу күні (World Hello Day). Ол жыл сайын 21 қараша күні атап өтіледі.

Бұл ерекше мейрамды 1973 жылы Мысыр мен Израиль арасындағы суық соғыстың қызған кезінде ағайынды американдықтар Майкл мен Брайен Моккомак ойлап тапты. Бұл күн халықаралық алаңдаушылыққа қарсы наразылықты күшейту белгісі ретінде қажетті болды. «Қарапайым, бірақ тиімді әрекет керек», - деп шешкен ағайындылар әлемнің түкпір-түкпіріне жайдарман сәлемдесулерін жіберді. Олар бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін идеяларын ешкімге де міндеттеген жоқ. Олар сәлемді қабыл алушыдан тек тағы біреулермен, ең болмағанда он адаммен жылы амандасуды сұрады.

Бұл идея 180-нен астам елде қолдауға ие болды. Сол уақыттан бері Бүкіләлемдік сәлемдесу күнін кәсібі мен жас ерекшелігіне қарамастан, ірі саяси көшбасшылар да, өнеркәсіп магнаттары да, бүкіл әлемге танымал кино және теледидар тұлғалары да атап өтуде. Бұл достық сәлемдесулер, қуанышты эмоциялар және жақсы көңіл күй үшін тамаша күн.