Бүгін - Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - 28 сәуір - Бүкіләлемдік жұмыс орындарындағы қауіпсіздік пен денсаулық күні.

Бұл күн Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) ұсынысымен атап өтіледі. ХЕҰ мәліметтері бойынша, әлемде әрбір 15 секундта жұмыстағы жазатайым оқиғалардан немесе кәсіби жарақаттардан 1 адам қайтыс болады, 160 адам әлдеқандай бақытсыз жағдайға душар болып жатады. Бұл күні Халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) стандарттарын енгізу арқылы кездейсоқ жайттардың алдын алуға болатындығы кеңінен айтылады.

Сондай-ақ 26-30 сәуір күндері аралығында дүниежүзі қауымдастығы - Білім беру саласындағы әрекеттердің жаһандық аптасын (ЮНИСЕФ) атап өтеді.