Бүгін - БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін - БҰҰ-ның Халықаралық бітімгершілер күні.

2003 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. 2002 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының A/RES/57/129 қарарымен бекітілген. Қарарда БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге, үкіметтік емес ұйымдарға және жекелеген азаматтарға БҰҰ-ның бейбітшілікті қолдау мақсатындағы операцияларының құрамында қызмет істеген адамдарға құрмет, сонымен қатар қаза болғандарды есте сақтау күні ретінде атап өту ұсынылған.