Бүгін - Дизайнерлер күні

АЛМАТЫ. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін - дизайнер-графиктер күні.

ТМД елдерінің дизайнер-графиктері өздерінің кәсіби мерекелерін 9 қыркүйек күні тойлайды. Бұл мереке әйгілі дизайнер-график, көптеген халықаралық әрі отандық марапаттардың иегері Владимир Чайканың 50 жылдығына орай құрылды. Владимир Чайканың жұмыстары Брно, Варшава, Хельсинки, Загреб, Харьков, Мәскеу қалаларында өткен фестивальдарда бірнеше мәрте үздік деп танылған.

Уақыт өткен сайын жаңалықтар индустриясында ақпарат құралдарының дамуына орай дизайнер-график мамандықтарына сұраныс артуда.

Бұл саланың мамандары кітап, газет-журналдарға макет жасап, сайт, компьютер бағдарламаларын құрумен айналысады. Шрифт ойлап табу, көркемдеу, жарнама модульдері мен коллаждар құру да осы саладағы мамандардың жұмысы болып табылады.