Аққұба қыздар көптеген анекдот кейіпкерлері, шаштараз өнері мен тотық сутегінің тұтқындары, гламур әлемінің бейкүнә құрбандары, солярий мен силикон әміршілері, нағыз джентельмендердің сүйіктілері және әйелдің жоғары логикасының иелері. Қоғам оларды қалжынға да араластырып, сүйсіне де қарап осылай атайды. Бұл күн үлкен ауқымда алғаш рет 2006 жылы атап өтілді. Ол кезде аққұба қыздарға арналған «Бриллиантовая шпилька» сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
Ғалымдардың есептеуінше, табиғатынан аққұба адамдар өте сирек кездеседі. Ал 2202 жылға қара аққұбалар әлем бетінде мүлдем болмайды. Себебі, тек соңғы 50 жылда аққұба шашты ерлер мен әйелдердің саны (ғаламшар тұрғындарының жалпы санынан) 49-дан 14 пайызға азайды. Бұған бірнеше себеп бар. Біріншіден, нәресте аққұба болып туу үшін ата-ананың екеуінің де шаштары ақшыл болуы керек. Екіншіден, қарақоңыр шашты халқы көп елдерде адамдардың саны қарқынмен өсуде, ал еуропалықтар, яғни «аққұба гендерінің» иесі болып табылатын - немістер, скандинавтар, ресейліктер көп жағдайда бір баламен шектеледі. Ғалымдардың пікірінше, ақшыл шашты соңғы шақалақ адам басына шаққанда ең көп аққұбалар тұратын - Финляндияда дүниеге келеді.