Алғашқы көмек – адам өмірін құтқаруға бағытталған шұғыл шара. Алғашқы көмек көрсете білу – қарапайым, бірақ өте маңызды дағды. Бұл дағдының арқасында адам өмірін сақтап қалуға болады.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, аталған мекеме тиісті үлгідегі сертификат бере отырып, халықаралық стандарттар бойынша – BLS (кезек күттірмейтін көмек көрсету дағдылары), ACLS (жүрек-өкпе реанимациясының кеңейтілген курсы), PALS (педиатриядағы өкпе реанимациясы), PHTLS (травма кезінде госпитализацияға дейін көмек көрсету жүйесі) курстарын өткізеді.
Америкалық жүрек қауымдастығы (AHA) аккредиттеуінен өткен аурухананың тәжірибелі нұсқаушылары манекен-тренажерлармен оқытылады.
Олардың ішінде BLS курсы – қазір әлемдегі ең танымал алғашқы көмек курсы. Алғашқы көмек көрсетуді үйреніп, адам өмірін құтқарып қалғысы келетіндердің барлығы осы курста оқудан өте алады.
Халықаралық стандарттарға сәйкес аурухана қызметкерлері екі жылда бір рет Basic Life Support (BLS) – алғашқы көмек көрсету және базалық реанимация дағдыларына оқытудан өтеді. Халықаралық стандарттар бойынша оқыған персонал оқыс оқиғаның алғашқы минуттарынан бастап алғашқы көмек көрсете алады: зардап шеккен адамның жағдайын анықтау, жедел жәрдемді дұрыс шақыруды ұйымдастыру, реанимациялық көмек көрсету, автоматты сыртқы дефибрилляторды пайдалану, бір бүйіріне қауіпсіз жатқызу, тыныс алу жолдарының обструкциясы кезінде көмек көрсету.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының Оқу-клиникалық орталығы 2016 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы кезеңде мұнда 9000-ға жуық адам оқыды. Осы жылдың 8 айында медицина қызметкерлері, күзет қызметінің мамандары, жүргізушілер, ҚТ және ТЖ және басқа мамандар қатарынан 600-ден астам адам оқытылды. Сондай-ақ, аурухананың барлық блоктарында медициналық көмек көрсетуге арналған дефибрилляторлар орнатылды.