Дүниежүзілік науқас күні 1992 жылдың 13 мамырында Папа Иоанн Павел ІІ-нің бастамасымен пайда болды. Арнайы осы оқиғаға орай жазған өзінің жолдауында понтифик, Дүниежүзілік науқас күнін жыл сайын атап өту белгілі мақсатқа ие екендігін атап өтті.
Бұл мақсатты Рим Папасы былай деп білгіледі: көптеген медициналық католиктік мекемелердің қызметкерлеріне, діндарларға, бүтін азаматтық қоғамға науқас және дәрменсіз адамдарға жақсы күтімді қамтамасыз ету қажеттігін сезіндіру, олардың азабын жеңілдету».
1991 жылы Иоанн Павел ІІ-ге Паркинсон ауруының диагнозы қойылды, бірақ, сырқат әлдеқайда кейін анықталды. Рим Папасы Дүниежүзілік науқас күнін өзінің диагнозы анықталғаннан кейін бір жыл өткен соң белгілегені де сондықтан. 2005 жылы атап өтілген Дүниежүзілік науқас күні ерекше маңызға ие, себебі осы жылы Иоанн Павел ІІ дүниеден озды.