1946 жылы ақпанның дәл 13-і күні «БҰҰ Радиосы» эфирге шықты, оның стансысы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде орналасты.
Бұл мерекеге орай ЮНЕСКО-ға кіретін көптеген мемлекеттерде радиотарату компанияларының қатысуымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
ЮНЕСКО бекіткен Дүниежүзілік радио күнінен бөлек, бұл байланыс түрін ұнатушылар сондай-ақ 18 ақпан - Дүниежүзілік радио сүюші күнін атап өтеді. 1925 жылы осы күні Парижде Халықаралық радио сүюшілер одағы құрылды.