Бүгін Дүниежүзілік стандарттар күні

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қазан күні Астанада Дүниежүзілік стандарттар күніне орай «Стандарттар табысқа қол жеткізетін тең мүмкіндіктер береді» атты тақырыппен дөңгелек үстел өтеді, деп хабарлайды Қазақстан стандарттау және сертификаттау институтының баспасөз қызметі.

Стандарттар күнінің тақырыбының өзектілігі - стандарттардың тең мүміндіктер жасайтыны және тек өнім өндірушілерге ғана емес, тұтынушылардың да көңілін аудару үшін арналып жасалатындығында.

Дөңгелек үстелге қатысушылар - ҚР мемлекеттік органдарының, Қазақстан ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚР Қауымдастықтарының, «Қазақстан метрология институты» РМК-ның, «Ұлттық аккредитеттеу орталығы» ЖШС-інің, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ-ның, стандарттау бойынша техникалық комитеттерінің, жоғары оқу орындарының, өнім өндірушілері мен тұтынушыларының өкілдері.

Жиын барысында «2014-жылдың Үздік Жас стандарттаушысы» конкурсының нәтижесі анықталып, жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізіледі.