Оқиға 1945 жылдың 29 қазаны мен 10 қарашасы аралығында Лондонда өткен Дүниежүзілік жастар конференциясы барысында болды.
Бұл тарихи конференция фашизмге қарсы күресу үшін Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде құрылған Дүниежүзілік жастар кеңесінің бастамасымен шақырылды. Алғаш рет конференцияға саяси идеологиялары мен діндері әртүрлі, 63-тен астам ұлт жастарының басын біріктіретін - халықаралық жастар қозғалыстарының өкілдері жиналды.
Сол уақыттан бастап жастар ұйымдарының халықаралық бірлестігі - бұл саяси және діни нанымдарына, нәсілі мен ұлттына қарамастан бүтін әлемдегі жастарды біріктіретін халықаралық демократиялық жастар қозғалысы орталығы.
ДЖДФ өткізетін танымалі іс-шаралардың бірі жастар мен студенттердің фестивалі. Жастар мен студенттердің алғашқы дүниежүзілік фестивалі 1947 жылы Прагада өтті және оған 17 мың адам қатысты.