Бүгін Екатеринборда Ресейдің тұңғыш президентіне ескерткіш ашылады

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Ресейдің тұңғыш президенті Борис Ельциннің туған қаласы - Екатеринборда оған ескерткіш ашылады, деп хабарлады Утро.ру агенттігі.

Бұл шараға қатысу үшін Ресей Президенті Дмитрий Медведев Екатеринбор қаласына келді. Ол сондай-ақ атаулы күнге орай екатеринборлық опера және балет театрындағы концертті тамашалайды.

Бүгін 1 ақпанда Борис Ельцин тірі болса 80 жасқа толар еді. Осы мерейтойға және Б.Ельциннің президент орынтағына отырғанына 20 жыл толуына арналған шаралар сондай-ақ Мәскеу, Пермь және Қазан қалаларында өтіп жатыр. Екатеринборда оның есімімен аталатын көшеде Ельциннің ескерткіші ашылуы осы салтанаттың басты шарасы болмақ.