«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, тек Алматы қаласында, сонымен қатар түнде Атырау қаласында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.