Бүгін- Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу күні

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін -Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарын еске алу және татуласу күні.

2004 жылғы қарашаның 22-сінде Бас Ассамблея мамырдың 8-і мен 9-ын еске алу және татуласу күні деп жариялаған болатын. Бас Ассамблея мүше-мемлекеттердің әрқайсысы өз жеңіс күнін, азат етілген күнін және мереке күнін белгілей алатынын мойындай отырып, барлық мүше-мемлекеттерге, БҰҰ жүйесіндегі ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдарға және жеке тұлғаларға жыл сайын осы екі күннің біреуін немесе екеуін де Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары құрметіне атап өтуге шақырған болатын.