Бүгін - Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні
16:44, 02 Қыркүйек 2009
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін - Екінші Дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні (1939-1945).
Дәл осы күні 2-ші Дүниежүзілік соғыстағы небәрі үш аптаға созылған аса маңызды операциялардың бірі сәтті аяқталып, Жапонияның сөзсіз тізе бүккендігі жөніндегі Актіге қол қойылды. Ұлы Отан соғысында әбден шыңдалған Кеңес армиясы мақтаулы Квантун армиясының тас-талқанын шығарды.