Бүгін елдің басым аумағында тұман, көктайғақ пен күшті желдер болжануда - Қазгидромет

АНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Қазгидрометтің» болжауынша бүгін, 29 желтоқсан күні республиканың солтүстік-батыс бөлігі циклон мен атмосфералық ағымдардың ықпалында болады. Елдің өзге аумақтарына антициклонның әсері сақталады, ауа райы - жауынсыз, түнде тұман түседі.

Мәселен, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, 15-22 м/с екпінде жел тұрады.

Қостанай, күндіз Қарағанды облыстарында - кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ және желдің күші 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Алматы, Жамбыл және Атырау облыстарының жекелеген өңірлерінде тұман болжануда, ал Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында секундына 20-25 метр жылдамдықпен соққан желдің күші кей уақыттары 28 метрге дейін жетуі ықтимал.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде, сондай-ақ тұман мен көктайғақ болжануда.

Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарында - тұман, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Ақтөбе облысында - тұман, көктайғақ, күндіз желдің күші секундына 15-20 метрді құрайды.