Бүгін елдің басым аумағында тұман мен желдің күшеюі күтіледі
07:29, 19 Сәуір 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат -Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 19 сәуір күні Қазақстанның батыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Республиканың кей жерлерінде тұман болып, екпінді жел соғады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай күтіледі.
Атап айтқанда, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Түнде және таңертең Оңтүстік Қазақстан, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел соғады.
Түнде Алматы, түнде және таңертең Қарағанды, Шығыс Қазақстан жекелеген аумақтарында тұман күтіледі.