Бүгін елдің басым аумағының ауа райын антициклон тарамдары қалыптастырады - Қазгидромет

АНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін 12 қаңтар күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон тарамдары қалыптастырады. Республиканың оңтүстік және солтүстік өңірлері арқылы атмосфералық ағымдар ығысып, өзімен бірге қар, тұман және күшті желдер алып келеді.

Мәселен, Алматы облысы Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 20-25 м/с екпінде жел соғады, кей уақыттары оның жылдамдығы 30 м/с-қа жетуі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, 15-20 м/с күшпен жел соғады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде тұман болжануда.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте елдің сулы нысандарында мұз қату үрдісі жалғасады. Жекелеген өзендерде мұз кептелісі пайда болып, су деңгейі көтерілуі ықтимал.