Қазгидрометтің хабарлауынша, оңтүстік және оңтүстік шығыста көктайғақ болып, жел күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Жамбыл облысында көктайғақ болады.