Бүгін елдің басым бөлігінде жауын-шашынды болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 3 сәуір күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын болады. Оңтүстік тауларында жаңбыр қатты жауады. Республиканың тек шығысында сәрсенбі жауын-шашынсыз өтеді. Еліміздің кей жерлерінде тұман, екпінді жел, найзағай, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жылдамдықтағы желдің екпіні түнде 25 м/с күшеюі ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аумақтарында тұман болжанады, желдің күші 23-28 м/с артуы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, шаңды-дауыл күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с жылдамдықта жел болжанады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде 15-20 м/с екпінде жел болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерін тұман басып, жел 15-20 м/с артады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының түнде және күндіз кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.