Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ болып, шаңды дауылмен жел көтеріледі.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман күтіледі. Атырау облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.