Бүгін елдің батысында жаңбыр жауып, күшті желдер тұрады, қалған бөлігінде күн райы ашық - Қазгидромет
08:04, 14 Қазан 2011
ТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 қазан күні Қазақстанның басым аумағы антициклон тарамдарының ықпалында болып, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Ал елдің батыс бөлігінде атмосфералық ағым бөліктерінің ығысуымен жаңбырлар өтіп, күшті желдер тұрады. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен мәлім етті.
Атап айтқанда, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарының жекелеген жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысының Алакөл өзені аумағында оңтүстік-шығыстан келетін желдер сақталады. Секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғатын желдің күші кей уақыттары 27 метрге жетуі ықтимал.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей аумақтарын тұман басып, күндіз 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болжануда.
Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде 0-5 градусқа дейінгі үскіріктер сақталады.