Елдің тек солтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің ығысуымен күн райы тұрақсыз болады.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ақмола облысында оған жаяу бұрқасын қосылады.
Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, түнде Қызылорда облыстарында сондай-ақ, тұман күтілуде.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде жаяу бұрқасын болжануда.
Ал Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болады.