Мәселен, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Атырау және Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, түнде Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде және күндіз Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында тұман күтілуде.
Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде - көктайғақ болады.