Бүгін еліміз қалаларында ауа сапасы қандай болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

11 мамырда тәулік бойы Атырау, Алматы қалаларында, түнде Өскемен, Семей, Риддер қалаларында ауаның қолайсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.