Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа ластануы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 14 наурыздағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан және Орал қалаларында болады.

Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.