Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа ластанады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің 6 қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 3 сәуірде Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтау және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады»,-делінген «Қазгидромет» РМК-сы таратқан ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.