Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, төменнен бұрқасындатып, күндіз және түнде жел күші 15-20 метр/секундқа жетеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, түнде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында тұман болып, күндіз және түнде секундына 15-20 метр жел соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел күші секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысында түнде желдің күші 15-20 метр/секундқа жетеді.