Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар, жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы ақпанның 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атлантикалық циклон жырасының және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен ҚР басым бөлігінде күн құбылмалы болады – қар мен жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша көктайғақ, тұман болып, жел күшейеді, елдің солтүстігінде жаяу бұрқасын болады.