Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-23, ұйтқуы 25 м/с-қа күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерінде күн күркіреп, жел 15-22 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Павлодар облысында кей өңірлерінде жел 17-22, кей жерлерде 26 м/с-қа дейін күшейіп, найзағай ойнайды.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.