Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, жел 15-20 күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде оңтүстік-батыс облыстарында жел екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау,
Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қостанай кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.