Кейбір аймақтарда жел күшеюі мүмкін, бұршақ жауып, тұман түседі.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында желдің күші 18-23 м/с-қа дейін барады. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында да екпіні 15-20 м/с жел соғып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде екпіні 17-22 м/с болатын жел соғып, бұршақ жауады. Ал Атырау, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде және Ақтөбе облысында қатты ыстық болады.