Бүгін еліміздің батыс және шығыс аймақтарда көктайғақ болып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Тек батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, жауын-шашын, бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасынмен бірге жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысында тұман байқалады.

Алматы облысында Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл, Солтүстіқ Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман бақыланып, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерінде көктайғақ байқалады. Атырау облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз көктайғақ байқалады. Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөліктерінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.